Ұлттық құзыреттілік орталығы бизнес пен білім беру ұйымдары арасында диалог алаңының рөлін атқарып, студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлауға, сарапшылар қауымдастығын дамытуға және жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыруға бағытталған бірыңғай жаттығу базасына айналады.
«Мемлекет басшысының келесі жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы еліміз үшін техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын көрсетеді. Ұлттық құзыреттілік орталығының ашылуы жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыру мен білім сапасын жақсарту стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Орталық WorldSkills чемпионаттарына ұлттық құраманың дайындалатын базасына айналады, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттырудағы басты аймақтық орталық болады. Бұл өз кезегінде жұмыс берушілер мен кадрларды даярлау жүйесі арасындағы ынтымақтастықты күшейтеді», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатының жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Айта кету керек, мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты елдерде табысты жүзеге асырылып, жоғары білікті кадрлар даярлауда тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралы ретінде танылады. Қазақстанның ұлттық құрамасы халықаралық аренада еліміздің намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді.
Облыс әкімі азаматтардың мәселелерін тыңдады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда 180 құзыреттілік орталықтары ашылды
- авторAR-AY
- 29 қазан, 2024