Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан мен Мажарстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Мажарстан энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға ресми сапары барысында Премьер-министр Виктор Орбанмен кездесу өткізді. Кездесу достық және ашық жағдайда өтіп, екі ел арасындағы жоғары сенімділікті айқындады.

Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан Президенті Мажарстанды еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі әрі бауырлас мемлекет деп бағалады.

Президенттің айтуынша, Мажарстанға сапардың мақсаты — екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, әсіресе энергетика, көлік-логистика сияқты салаларда жаңа серпін беру. Сонымен қатар, мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы, логистика, атом өнеркәсібі және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері ерекше назарға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екі ел үкіметтері жоспарланған бастамаларды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті қолайлы жағдайлар жасауға дайын екендерін растады.

Мажарстан Премьер-министрі сапар барысында қол жеткізілген келісімдер екі ел арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейтетінін жеткізді.

Сондай-ақ, тараптар аймақтық және халықаралық деңгейдегі мәселелер, оның ішінде көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық аренадағы рөлін арттыруға үлес қосқан Виктор Орбанның еңбегін жоғары бағалады.

Будапештте өткен келіссөздер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға деген ұмтылысты көрсетті және ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндік ашты.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар