Іс-шараны «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталов ашып, бұл күнді Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуы деп атап өтті.
– Мұндай жобаларды іске асыру Қазақстанға тұрақты төмен көміртекті даму, климаттың өзгеруіне және жердің тозуына қарсы күрес мақсаттарына қол жеткізу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Ауылшаруашылығында көміртекті офсеттік жобаларды іске асыру үшін де үлкен перспектива бар екенін атап өткім келеді. Қазақстандық аграршылар үшін бұл ESG қағидаттарына сәйкес келудің және жер өңдеудің нөлдік технологиясымен, органикалық көміртектің жинақталуының арқасында топырақ құнарлылығын қалпына келтірумен процестерді жүргізудің тағы бір мүмкіндігі, – деді Р.Баталов.
Бастапқыда қазақстандық «SAFC» көміртегі жобасын әзірлеуші 1,5 мың гектар деградацияланған жерді жергілікті ағаш түрлерін пайдалана отырып қалпына келтіретін болады. Жоба шығарындыларды азайтуға және жергілікті биоәртүрлілікті сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ оны жүзеге асыру кезінде шамамен 1,2 миллион көміртегі кредиті алынады. Жоба аясында жоспарланған 3,3 миллион ағаштың ішінде бүгінде алғашқы 200 мың көшет отырғызылды. Айта кетейік, өнімділігі төмен ауылшаруашылығы алқаптары мен тозған жайылымдар орман питомнигі – орман екпелері – орманшаруашылығы – экотуризм болып, орман экожүйесіне қайта құрылады.
– Бұл жобаны ҚР Президенті мен «Атамекен» ҰКП қолдады. Енді біз оны іс жүзінде жүзеге асыруға кірісеміз. «SEFE» және «SAFC» құзыреттерін біріктіре отырып, біз шетелдік инвестицияларды тарту үшін Қазақстанның кең мүмкіншілігін көрсетеміз, – деп атап өтті «SAFC» ЖШС бас директоры әрі негізін қалаушы Юрий Ким.
Оң экологиялық әсерден бөлек, жобаның қызметі жергілікті әлеуметтік және экономикалық ортаға әсер етіп, аудан тұрғындарын жұмысқа орналастыру және оқыту мүмкіндіктерін туғызады. Қысқару болжамы бойынша, 1 гектарға 30 жылда 1,2 миллион тонна СО2, 1 жылда 26 тонна СО2 жойылады.
Жоба бойынша серіктес ретінде «SEFE» британдық компаниясы күрделі салымдардан басқа, жобаны әзірлеуді, мониторинг, сондай-ақ маркетингтік қызметтерді де ұсынады.
– Жоғары сапалы көміртекті жою жобаларына инвестиция салу Париж келісіміне сәйкес жалпы климаттық мақсатқа жетудің негізгі құрамдас бөлігі болады. Бұл жоба 1 миллион тоннадан астам сіңірілген шығарындылар мен тиісті өтемақы төлемдерін өндіруге жәрдемдеседі, – деді «SEFE» компаниясының портфельді басқару жөніндегі атқарушы вице-президенті Александр Демидов.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ