Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Браконьерлер азаймай тұр

Браконьерлер азаймай тұр
Ашық Дереккөз
2024 жылдың 20 қазаны мен 19 қарашасы аралығында облыс аумағында республикалық «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.

Аталған іс-шара аясында облыстық полиция қызметкерлерімен табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, заңсыз аң мен су жануарларын аулау деректерін анықтау бойынша өңірде барлығы 267 құқықбұзушылық және 1 қылмыстық іс анықталды.

Оның ішінде жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған 192 құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 382-бабымен жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 37 дерегі тіркелді.

Облыстық полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар