Іс-шара барысында 28 жедел мобильдік топ құрылып, полиция департаментінің 100-ден астам қызметкері тартылды. 8 қызметтік іздестіру иті, 5 жылжымалы мобильдік бекет жұмыс істеді. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық ұланның «Бүркіт» күш-құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары аталған іс-шараға тартылды.
1 маусым мен 30 қазан аралығында Шу алқабынан қарасора тасымалданатын 6 арнаның жолы кесілді.
Басқа облыстардың полиция департаменттерімен бірлесе отырып Шу алқабынан Астана және Ақтау қалаларына 80 келіден астам «марихуана» және 4 келі «гашиш» тасымалдайтын каналдың жолы кесілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері Алматы қаласынан облысымызға «синтетика» тасымалдайтын 2 ірі арнаны жауып, 2 келіден астам «синтетика» есірткісін тәркіледі.
– Барлығы 203 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 5 тонна 868 келі 773 грамм әртүрлі есірткі құралдары, соның ішінде 2 келі 49 грамм синтетикалық заттар, 5 грамм 48 миллиграмм «героин» тәркіленді. Сондай-ақ 1000 тоннадан астам жабайы өскен қарасора жерді жырту, шабу және өртеу арқылы жойылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 780 тоннаға көбірек. Жедел мәліметтер бойынша, «қара нарықта» 1 килограмм «марихуананың» бағасы 70 000 теңгені құрайды. Осылайша 70 миллиард теңгеден астам қаражат «көлеңкелі» есірткі айналымына түспеді, – дейді облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.
Облыстық полиция
департаментінің
баспасөз қызметі
Браконьерлер азаймай тұр
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024