Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таласта тындырымды тірлік көп

Таласта тындырымды тірлік көп
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбековтің қатысуымен брифинг өтті. Нұрбол Әбдімәжитұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Аудан әкімінің айтуынша, 2024 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімдері 26 миллиард 878 миллион 400 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 101,2 пайызға орындалған.

Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалған.

– Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің көлемі 16 миллиард 893 миллион 100 мың теңгеге өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда өсім қалыптасты. Сол секілді негізгі капиталға 15 миллиард 123 миллион 300 мың теңге инвестиция салынып, жоспар артығымен орындалды. Жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 3 миллиард 476 миллион 700 мың теңгені құрады. Ауданда құрылыс саласы да қамшы салдырмас екпінмен алға озып келеді. Аймақтағы өзекті әлеуметтік мәселенің бірі – тұрғындарды тұрғын үймен қамту. Бұл бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 18 265 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127 пайызға орындалды, – деген Нұрбол Әбдімәжитұлы инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, агросалаға серпін беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жалпы 2023-2027 жылдары ауданда 31,2 миллиард теңгеге 4 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобалар іске асырылған жағдайда 451 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ал есепті кезеңде ауылшаруашылығы саласында 14 миллиард 069 миллион 900 мың теңгенің өнімі өндіріліпті.

Н.Жүнісбеков биыл барлығы 11 648 гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары орналастырылып, қазіргі таңда жиын-терін науқаны аяқталуға таяғанын жеткізді. Сондай-ақ ауылшаруашылық техникаларын жаңарту бағытында 69 техника сатып алыныпты.

– Аудандағы 23 елді мекеннің 17 сі көгілдір отынмен қамтылған. 2027 жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Майтөбе және Қожағаппар елді мекендеріне газ құбырын тарту үшін 2 миллиард 75 миллион теңгеге жоба әзірленді. Мердігер анықталып, «АқБарыс-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көктал, Қасқабұлақ, Есейхан және Қараой ауылдарына газ тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, – дейді аудан әкімі.

Брифинг соңында аудан әкімі БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

М.ЖАМБЫЛҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар