«KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының «Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асырған болатын.
Жоба аясында сотталған жат ағымдардың жетегіне ергендерді оңалту мақсатында 10 маманмен келісімшарт жасалып, жұмысқа тартылды. Сонымен қатар жоба аясында республикалық маңызы бар қалалардан 6 маман шақырылуы тиіс болған. Осы ретте Павлодар қаласынан психолог Гүлназ Раздыкова, Алматы қаласынан Нұржан Стамбакиев, Асқар Акимханов және Ризабек Батталұлы, Имаммәди Түсіпхан және Шымкент қаласынан Икрам Айтаев секілді исламтану және дінтану мамандары шақырылып, қала аумағындағы 4 түзеу мекемесінде семинарлар өткізіп, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде жоба аясындағы жұмыстар толыққанды аяқталды. Қазіргі таңда сарапшы топ жобаның сараптамалық қорытындысын әзірлеуде.
Назима ЮЛДАШОВА,
«Komek.Demeu.kz» қоғамдық
қорының президенті
Келесі мақала