Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Судьялар съезі – міндеттер мен басымдықтар айқындалған маңызды басқосу

Судьялар съезі – міндеттер мен басымдықтар айқындалған маңызды басқосу
azattyq-ruhy.kz
Ағымдағы жылдың 4 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезі өтті.

Айтулы жиынға еліміздің барлық өңірлерінен келген судьялар, Сот әкімшілігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар, Парламент депутаттары мен орталық мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын маңызды бас қосуда еліміздің сот жүйесінің негізгі мәселелері талқыланып, стратегиялық міндеттері айқындалады.

Мемлекет басшысымен соттардың қызметін одан әрі жетілдірудегі басым міндеттерге назар аударылды. Мәселен, сот жүйесін жетілдіру, кассациялық соттардың құрылуы, сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, озық технология мен жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану, сот отырыстарының онлайн трансляция арқылы жүргізілуі.

Айтулы жиында жаңа уақыт талабы міндеттеп отырған басымдықтар айшықталған маңызды құжат - судьялардың жаңа әдеп кодексі қабылданды. Сондай-ақ сот әкімшілігін одан әрі дамыту мәселелері талқыланып, еліміздегі тиімді сот менеджменті мен соттарды сапалы қамтамасыз ету сот жүйесінің негізгі стратегиялық бағыттары ретінде анықталды.

Судьялар съезінде жетекші шетелдік сарапшылар ҚР Сот Әкімшілігі мен оның департаменттері жұмыс істейтін сот менеджментінің моделіне ерекше назар аударғанын атап өту қажет. Жаңа тәуелсіз орталық органның - ҚР Сот Әкімшілігінің құрылуы ұзақ мерзімді перспективада «Болашақ сотына» өту жолындағы батыл әрі маңызды қадам болып табылады.

Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) Президенті Франческо Депаскуале мен Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының президенті Луис Пальма Қазақстанның сот әкімшілігі моделінің және соттардың IT-өнімдерінің прогрессивтілігін атап өтті, бұл біздің қызметімізді жоғары бағалау фактісі екені сөзсіз.Халықпен кері байланыс, еңбек жағдайларын жақсарту, кадрлармен қамтамасыз ету, соттардың инфрақұрылымын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс–қимыл, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соттар қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізу-бұл қазіргі қоғамның талаптарына жауап беретін неғұрлым тиімді, ашық және әділ сот жүйесін құруға бағытталған әкімшілік функциялар.

Осы бағыттарды нақты іске асыра отырып, біз қойылған міндеттердің орындалуына, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудағы тәуелсіздігін қамтамасыз етуде, заңның үстемдігін нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететін сот әкімшілігінің тиімді жүйесіне қол жеткізуіміз демократиялық қоғамның жоғары көрсеткіші болып табылады.

 

Берік Құлтасов,

ҚР Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы                         

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар