Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші азаматтар арасында бұқаралық спортты насихаттау әрі олардың қоғамға бейімделуін қолдау мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Оның аясында сотты болғандар қол күресі, арқан тарту мен гір тасын көтеру сынды сайыстарда өзара кім мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесінде жеңіске жету жолында жігер танытқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Келесі мақала