Қанайналым жүйесі аурулары өлімінің негізгі себептері жіті коронарлық синдром, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және атеросклероз болып қала береді. Бұл аурудың дамуының басқарылатын факторы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бас штаттан тыс кардиологі, «UMC» қоғамдық қоры «Жүрек орталығы» басқармасының төрағасы Махаббат Бекбосынова өз сөзінде атап өткендей, Қазақстан бойынша жіті миокард инфарктімен сырқаттанушылық 9 ай ішінде 3,4 пайызға төмендеді. Бірақ бірқатар өңірде теріс динамика бар және жіті жүрек бұзылыстары кезінде шұғыл емдеуге жатқызудың өсуі үлкен алаңдаушылық туғызады. Бұл хирургиялық араласулар кезінде қолайсыз нәтижелердің үлесіне әсер етеді.
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының мәліметіне сүйенсек, бойынша, есепті кезеңде Қазақстанда жүрек тамырларын стендтеу бойынша 20 935 операция жасалған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,8 пайызға артық, яғни биыл 42 176 коронарография орындалыпты.
Ұлттық шұғыл медицина орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратов өз баяндамасында инсульт алған науқастарға медициналық көмек 83 бейінді орталықта жүзеге асырылатынын және 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша оларда инсультпен ауыратын 36,1 мың пациент емделгенін, өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға өскенін атап өтті.
– Қанайналым жүйесі – денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қантамырлардың аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Адам мен барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қантамырлары арқылы ғана қозғалады. Қан айналымы – қанның жүрек арқылы қантамырлар бойымен жылжуы. Омыртқасыздардың көпшілігінде және төменгі сатыдағы хордалыларда ашық қан айналу жүйесі дамыған. Қан айналымы тамырлар жүйесінен артерия, капеляр, жүректен, бауырдан тұрады, – дейді ұлттық шұғыл медицина орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратов.
Сондай-ақ ол инсульт орталықтарын жабдықтау және жарақтандыру қажеттілігі, кадрлық мәселелер, инсульт қызметі мамандарының біліктілігін арттыру туралы айтты.
Басқосуда инфекциялық емес аурулармен күресте қанайналым жүйесінің бұзылуын ерте анықтау, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде скринингтік тексерулердің тиімділігін жақсарту, динамикалық бақылаумен науқастарды толық және уақытылы қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуге ерекше назар аударылды.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА