Тұңғыш Президент саябағында 25 қазан – Республика күніне арналған «Тәуелсіз ел - Қазақстан!» атты мерекелік жиын өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала басшысы Бақытжан Орынбеков, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, спортшылар мен белсенді жастар, тұрғындар қатысты.
Жиналған қауым әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұранды әуелете шырқады, осы сәтте Мемлекеттік ту көтерілді.
Бұдан соң К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері патриоттық сарындағы әндерді орындап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Республика күніне орай Мемлекеттік туды көшелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілу акциясы, авто-мото шеру ұйымдастырылды.
Келесі мақала