Бүгінгі таңда кітапханалар тек кітап сақтайтын орын емес, сонымен қатар, мәдени, әлеуметтік, және білім беру орталықтары болып табылады. Цифрлық технологиялардың дамуы кітапханашылардың міндеттерін өзгертіп, жаңа мүмкіндіктер мен міндеттер әкелді. Кітапханалардағы цифрлық ресурстар, вебинарлар, семинарлар және түрлі іс-шаралар арқылы оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін жұмыстар атқарылуда.
Кітапханашылар күні – тек кітапханашылар үшін ғана емес, сонымен қатар, қоғам үшін маңызды. Бұл күн білімге, мәдениетке және ақпаратқа деген құрметті арттырады. Кітапханашылардың еңбегі мен кәсібіне назар аударуға, оларды қолдауға, ынталандыруға арналған тамаша мүмкіндік.
Айта кетейік, Қазақстанда 7170 мектеп кітапханашысы бар, оның ішінде қалада - 2 804, ауылда – 4 366 кітапханашы жұмыс жасайды.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Мектеп кітапханаларының негізгі кітап қоры 137 млн-нан асады.