Заң
Шекарашылар Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз жанармай экспортының 1200-ден астам фактісін тоқтатты
- author AR-AY
- 24 қазан, 2024
- 70
Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті,деп хабарлайды arainfo.kz
Ведомства берген мәліметке сай, мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Ағымдағы жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды.
Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді,-дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
Келесі мақала
Бүгін - Кітапханашылар күні
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024