Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Облыстың экологиялық ахуалы қалай?

Облыстың экологиялық ахуалы қалай?
Ашық Дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экологиялық проблемаларға айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамымызда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет», – деді.

Өкінішке қарай, бүгінде облысымыздың да экологиялық ахуалы көңіл көншітпейді. Облыста жыл өткен сайын түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып, нәтижесінде сыртқа шығарылатын химиялық қалдықтардың мөлшері артқан. Бұған қоса автокөліктердің көбеюі де ауаның ластануына кесірін тигізуде. Сонымен қатар жылдан-жылға созылып, шешімін таппай келе жатқан қоқыс, фосфогипс қалдықтары, кәріз суы мәселесі де сол күйі өзгеріссіз қалып отыр.

Облыстық экология департаментінің басшысы Арсен Латыповтың айтуынша, ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша облыс аумағында 319 өздігінен пайда болатын қоқыс полигоны анықталса, оның 145-і жойылып, 107-сі әлі тазартылмаған. Сондай-ақ мониторинг көрсеткендей, аймақта 65 ұйымдасқан, яғни қалдықтарды орналастыруға экологиялық рұқсаты бар полигондар мен жекеменшіктегі 2 пункт жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта рұқсат етілмеген үйінділерді кәдеге жарату 45,4 пайызды құрайды.

– Ғарыштық мониторингтің аудандардағы тексерісіне тоқталып өтсем, Байзақта 30 қоқыс төгу орны анықталса, оның 11-і жойылды. Сондайақ қатты түрмыстық қалдық тасталатын полигон маңынан рұқсат етілмеген 19 нүкте бары белгілі болды. Жамбыл ауданында 32 қоқыс тасталған орын болса, оның 13-і тазартылды, сондай-ақ 1 жекеменшіктегі, қатты қалдық тасталатын полигон жанынан 5 заңсыз орын анықталды. Жуалыда да 34 заңсыз қоқыс төгу орны бар екендігі мәлім болып, оның алтауы жойылды. Ауданда 1 жекеменшіктегі қатты қалдық тастауға арналған полигонда 27 рұқсат етілмеген нүкте анықталды. Таласта 10 қоқыс төгу орны мен қатты қалдық тастауға арналған полигонда рұқсат етілмеген 10 нүкте болса, Мойынқұмда – 8, Меркіде 13 заңсыз қоқыс төгу орны анықталды. Соңғы екі ауданда заңсыз қоқыс аумақтары тазартылмаған. Ал Шу өңірінде 84 заңсыз қоқыс төгу орны анықталып, оның 16-сы жойылды. Сондайақ ауданда қатты қалдық орналастырылатын полигон маңайынан 2 рұқсат етілмеген нүкте бары белгілі болды. Қордайда заңсыз қоқыс үйінділері тасталған 101 орын анықталып, оның 99-ы тазартылды. Бұл ауданда да қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигоннан 2 заңсыз нүкте анықталып отыр. Облыс орталығы Тараз қаласында дәл осындай 7 заңсыз қоқыс төгу орны белгілі болғанымен ол жерлер әлі тазартылмаған. Жалпы алғанда ғарыштық мониторинг нәтижесінде облыс бойынша 319 заңсыз қоқыс төгу орны бар екені белгілі болса, оның 145-і жойылды. Сол сияқты 2 жекеменшіктегі қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигон маңынан рұқсат етілмеген 65 нүкте табылды. Осылайша өңірде тазартылмаған заңсыз қоқыс төгу орны 107-ге жетті. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар полигон ретінде көрсетілген геопорталдағы нүктелерді алып тастау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар рұқсат етілмеген үйінділерді жою жұмыстары да жалғаса бермек. 2024 жылдың 21 қазанына дейін департаментпен және облыс әкімдігімен бекітілген өздігінен пайда болатын полигондарды жою кестесі жасалды. Биыл Жуалы ауданына қарасты Көлбастау, Ақсай, Нұрлыкент, Көкбастау және Б.Момышұлы, Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе ауылдық округінің әкімдері және Байзақ, Жамбыл, Талас ауданы әкімдерінің орынбасарлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің орынбасарын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы материалдар дайындалуда. Жалпы аудан әкімдеріне 332 280 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік айыппұл салынды, – деген департмент басшысы бақылау-тексеру жұмыстары туралы баяндады.

 Осы жылдың 9 айында облыстық экология департаменті 29 тексеру жүргізген. Тарқатып айтқанда, 12 жоспардан тыс тексеріс, 14 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық тексеру, бақылау субъектісінің талаптарын сақтау үшін 3 тексеріс өткізіліпті. Тексеру нәтижелері бойынша 75 заңбұзушылық анықталып, 28 ұйғарым шығарылған. Есепті кезеңде прокуратура органдарына түскен тексерулер мен ұсынулар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес 62 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 132 117,039 мың теңге көлемінде 59 әкімшілік айыппұл салынған екен.

Әділет органдарына қарауға 3 әкімшілік хаттама жолданып, оның құзыреті шегінде сотпен 4393,480 мың теңге айыппұл өндіруге әкімшілік шара қолдану туралы 2 қаулы шығарылған. Жалпы сомасы 4 535 947 мың теңгені құрайтын 47 айыппұл өз еркімен өндіріліпті. Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына көлемі 117 191,140 мың теңге болатын 4 әкімшілік айыппұл жолданған. Оның ішінде 5907,2 мың теңге көлемінде 3 айыппұл, сот орындаушылар арқылы 111 283,940 мың теңгеге 1 айыппұл өндірілген. Сот қаулысымен Қордай ауданы әкімінің орынбасарына қатысты 55 380 мың теңге көлеміндегі 1 әкімшілік айыппұлдың күші жойылған.

Есепті кезеңде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.05.24 № 97-П бұйрығымен бекітілген, профилактикалық бақылау тізбесіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау субъектісіне жүргізілетін барлық профилактикалық бақылаулар толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта жеке тұлға С.Төлешовтің Қордай аудандық орталық ауруханасына қатысты өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру тағайындау үшін материалдар дайындалып жатыр екен.

Сонымен қатар осы жылдың үшінші тоқсанында департамент 19 сот ісіне қатысқан. Талапкер ретінде департамент 4 шағым түсірген. Тарқатып айтсақ, бірінші жауапкер – «Аса Damu» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына экологиялық рұқсат алғанша және «Крематор» пешінің жұмысын газ тазарту жабдығы орнатылғанға дейін кәсіпорын қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған. Аталмыш соттың 2024 жылғы 17 мамырдағы № 3115-24-00-2/648 қаулысымен департаменттің талап-арызы қанағаттандырылған.

Келесі жауапкер – Тараз қаласындағы «Қазфосфат» жауапк ершілігі шек теулі серіктестігінің Минералды тыңайтқыштар зауыты. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына серіктестікке қалдықтар иерархиясының талаптарын сақтай отырып, қалдықтарды басқару бағдарламасына қатысты экологиялық рұқсатқа 2024 жылдың 1 тамызына дейін белгіленген мерзімде түзетулер енгізуді міндеттеу туралы талап-арыз жолданыпты. Соттың 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №3115-24-00- 2/1401 қаулысымен департаменттің талап-арызы қанағаттандырылған.

Сол сияқты «Алтыналмас» акционерлік қоғамына қатысты департамент тарапынан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына І санаттағы объектінің операторы объектілерді пайдалану салдарын жою үшін қаржылық қолдау алғанға дейін кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған. Алайда ҚР Экологиялық кодексінің 147-бабының 5 және 6-тармақтарына өзгерістер енгізілуіне байланысты департаменттің талап-арызы соттың 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №3115-24-00-2/1676 қаулысымен қараусыз қалдырылған (1-санаттағы қолданыстағы объектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Экономикалық кодексінің 147-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзім 2026 жылғы 1 шілдеден басталады).

Облыстық мамандандырылған экономикалық сотына тура осындай I санаттағы объектінің операторы қаржылық қолдау алғанға дейін кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған жауапкер мекеменің бірі – «Аса Damu». Алайда жоғарыда айтылғандай, ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты бұл өтініш те қараусыз қалдырылыпты.

Сол секілді департамент жауапкер ретінде 5 сот ісіне қатысса, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты кейбір іс 2022 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Сондай-ақ талапкер «Сарыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы 22 тамыздағы №21 тексеру актісі мен ұйғарымның күшін жою туралы әкімшілік талаппен жүгінген. Аталған іс қазіргі уақытта өндірісте.

Басқа да даулар бойынша департамент 10 әкімшілік іске қатысып жатқанын айта кету керек. Мәселен, облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №29 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қатысты анықталған бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігімен хаттама толтырылып, Сарысу аудандық сотына жолданған. Соттың 2024 жылғы 7 ақпандағы №3160-24-00-3/40 қаулысымен мекемеге 1 809 080 мың теңге сомасында бір айға дейін қызметке тыйым салу жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған.

Сол сияқты Шу ауданындағы «Zhambyl Minerals» ЖШС-на қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігімен хаттама толтырылып, өз құзыреті шегінде қарау үшін Шу аудандық сотына жолданыпты. Нәтижесінде 2024 жылғы 13 маусымдағы №3166-24-00-3/402 сот шешімімен 700 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 2 584 400 теңге сомасында және қызметке тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулы шығарылыпты. Мерзімі – 6 ай. Алайда «Zhambyl Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шу аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы №3166-24-00-3/402 қаулысына апелляциялық шағым түсірген. Дегенмен бірінші сатының қаулысы өзгеріссіз, яғни шағым қанағаттандырусыз қалдырылыпты.

Қазіргі уақытта 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сотта департаментке қатысты 6 іс қаралуда, оның төртеуі «Қазфосфат» ЖШСна қатысты болса, екеуі «Сарыбұлақ» ЖШС-нан түскен арыз. Аталған шағымдардың төртеуі Тараз қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда.

жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда. Есепті кезеңде облыс көлемінде экологиялық апатқа ұласқан төтенше жағдай орын алмағанын айтқан департамент басшысы экологиялық реттеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын да баяндады. 

– 2024 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша департаментке арыз-шағым, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты сұраным сияқты келіп түскен 313 мемлекеттік қызмет қаралды. Нақтылап өтсек, оның 218-і скрининг, 64-і әсер ету туралы есеп бойынша, 30-ы рұқсат алу үшін, біреуі мемлекеттік экологиялық сараптамаға қатысты. Қарауға жіберілген мемлекеттік қызметтердің 121-і келісіліп, орындалды. Атап айтқанда, 71 скрининг өткізіліп, әсер ету туралы есеп бойынша 34 іс қаралды. Мемлекеттік қарауға жіберілген қызметтің 30-ы рұқсат алу бойынша түссе, оның 16-сы қанағаттандырылды. Барлық 20 жоба материалы қарастырылуда, тарқатып айтқанда, скрининг үшін – 4, әсер ету есебі бойынша 12 нысан тексеруден өтеді. Тағы 4 мекеме, яғни «QazaqGaz» барлау және өндіру» ЖШС Барханная және Амангелді кен орындарында көлденең қимасы бар ұңғыманың бүйірлік трассасы, «Алтыналмас» АҚ – Жұмбақ аймағын ескере отырып, Ақсақал кен орында тау-кен жұмыстарының жоспары, «Zhanashyr Project» ЖШС Жайсан кеніші бойынша рұқсат алуға өтінім берді. Есепті кезеңде зертханалық және аналитикалық бақылау бойынша да бірқатар жұмыс атқарылды. Сынақ зертханасының төлқұжаты персонал құрамының өзгеруіне байланысты жаңартылды. Жаңадан сатып алынған өлшем құралдары енгізіліп, сынақ зертханасының аккредитация көлемі 7 құрамдас бөліктің қосымша енгізілуіне байланысты жаңартылды. Сондай-ақ өнеркәсіптік шығарындылардағы аммиакты, фосфинді, фторид сутегін және фосфор ангидридін анықтау бойынша нормативтік құжаттарды және сынамаларды іріктеу әдістерін жаңарту және толықтыру қажеттілігін ескере отырып, аккредиттеу саласы да қосымша жаңғыртылды. Сонымен қатар «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» акционерлік қоғамынан «Matrice 300 RTK» ұшқышсыз ұшу аппаратының жүйесін тіркеу туралы № Q2M0117 сертификаты алынды. Қазіргі уақытта дронға орнатылған «Snifer» типті газ анализаторы мемлекеттік сертификатталып, зертхана паспортына енгізілді. Зертханалық және аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасымен 2024 жылдың 9 айында өткен жылдың 73 сараптамасымен 89 зертханалық зерттеу жүргізілді. Өткен жылдың 323 сынамасы бойынша 415 сынама алынды, 1 679 талдау жүргізіліп, анықталды. Өткен жылы 938 сараптама жасалып, анықталған. Бұл ретте нормативтер 210-ға, өткен жылмен салыстырғанда 137-ге артық орындалғаны анықталды. Сәйкесінше зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша салынған айыппұлдың жалпы сомасы өткен жылы 815 973 мың теңге болса, биыл 3 миллион 728 мың 920 теңгені құрап отыр, – дейді А.Латыпов.

14 қазандағы жағдай бойынша облыстық экология департаментіне 135 өтініш түскен. Оның 52-сі заңды, 83-і жеке тұлғалардан келген. Департамент әр айдың 8-і күніне дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасынан түскен сұраныстар бойынша салыстыру есептерін уақытылы бекітуді жүзеге асырады. Есепті кезеңде мерзімі өтіп кеткен өтініштер қаралмаған әрі өтініштерді қарау бойынша шағымдар түспеген.

Бір сөзбен айтқанда, өңірдің экологиялық ахуалын арттырып, қоршаған ортаны қорғау және мәселелерді шешу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар