Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты,деп хабарлайды arainfo.kz
"Балалардың деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен тікелей жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшінің қызметін жүйелеу мақсатында олардың қызметіне қатысты ереже және біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін арттыру үшін бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін қосымша ақыны кезең-кезеңмен 30 пайызға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр", - делінген жауапта.
Айта кету керек, осыған дейін сынып жетекшілікке төленетін қосымша төлем 10 мың теңге еді.
Келесі мақала