Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда 16 жаңа автобус пайдалануға берілді

Таразда 16 жаңа автобус пайдалануға берілді
Тараз қаласының әкімдігі
Ескі қоғамдық көліктерді жаңалап, жаңа маршруттарды іске қосу мәселесіне қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында баса мән берілген,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Автобусный парк – 2020» ЖШС тарапынан әкелінген «TEG» маркалы 16 жаңа қоғамдық көлік №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсетеді. Ұзындығы 9,5 метр болатын Қытай Халық Республикасында шығарылған автобустар 34 адамға шақталған. Осылайша, «Автобусный парк – 2020» серіктестігі №11, 28, 34, 38, 46, 54, 55, 60, 61 маршруттарда қатынайтын автобустарды толығымен 100 пайызға жаңартып отыр.

Облыс орталығында жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осының аясында 2023 жылы қалаға 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 133 автобуспен толықты.

Жыл соңына дейін қосымша 42 қоғамдық көлікті жеткізу жоспарда бар. Осының нәтижесінде ағымдағы жылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар