Денсаулық сақтау министрлігі "Аналар саулығы" бағдарламасын әзірледі
- author AR-AY
- 21 қазан, 2024
- 77
Учаскелік дәрігерлер оның денсаулығының индексін анықтау үшін фертилдік жастағы әрбір әйелді тексереді.Жүктілікті жоспарлайтын әйелдер, жас қыздар мен жасөспірімдер ерекше бақылауда болады.
Қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету үшін сауықтыру шаралары жүктілік басталғанға дейін гравидаралды даярлық түрінде жүргізіледі.
Гравидаралды даярлық - денсаулық жағдайын бағалауға және ерлі-зайыптыларды бала көтеруге, кейіннен жүктілікке және сау баланың тууына даярлауға бағытталған диагностикалық, профилактикалық және емдеу іс-шараларының кешені.
Еліміздің әрбір әйелі жас кезінен бастап уақтылы және сапалы медициналық көмек алуы маңызды.
Еліміздің әрбір әйелін емханаға барып, жүктілікті жоспарлау алдында тексеруден өтуге шақырамыз.
Бүгінгі таңда біздің елде 10 миллионнан астам әйел тұрады, оның 4,7 миллионы фертилдік жастағы әйел.
Олар отбасыларда орталық рөл атқарады. Әйелдер денсаулығын сақтау және нығайту — біздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуымыздың негізі.