Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылыту маусымы жауапкершілікті талап етеді

Жылыту маусымы жауапкершілікті талап етеді
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дархан Қалдарбектің қатысуымен «Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Айта кетейік, жылыту маусымы 15 қазаннан 2025 жылғы 15 сәуірге дейін жалғасады. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесіп, аймақ бойынша әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар 3 957 тұрғын үй тізімі нақтыланыпты. Жылыту маусымы басталғанға дейін 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын тұрғын үйлер аулалық аралаумен толық қамтылған.

Дархан Өскенбайұлының айтуынша, жылыту маусымының алдында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптары орындалған «Үлгілі үйлерді» анықтау бойынша жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде облыс аумағында 7 көпқабатты «Үлгілі үй» анықталып, белсенді тұрғындар мен пәтер иелерінің жергілікті кооперативтерінің өкілдеріне грамоталар табысталыпты.

– Жылыту маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен 15тамыз-15 қыркүйек аралығында облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді. Айлық барысында тұрғын үй секторындағы өрттер мен улы газдан улану оқиғаларының алдын алу және жол бермеу, бұқаралық ақпарат құралдарын тартумен түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды. Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу шеңберінде 12 586 тұрғын үйге бас сұқтық. Жылыту маусымы кезінде өрт салдарынан адамдардың қаза болуының алдын алу үшін 27 689 азаматқа нұсқаулық беріліп, жылыту пештерін, электр қондырғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 3 516 адамды қамтыған 293 жиын ұйымдастырылды. Сондай-ақ тамыз айының 25-і күні облыс аумағында «Өрт қауіпсіздік сағаты» акциясы өтті. Акция барысында 13:00-мен 14:00 аралығында 82 ірі сауда-саттық және ойын-сауық орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша бейнероликтар көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, – дейді Дархан Өскенбайұлы.

Баяндамашының айтуынша, 1 маусымнан бастап әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын отбасылардың үйлеріне 727 датчик орнатылған.

Ал 2024 жылдың 4 қазанында күні «Таза мұржа» республикалық акциясы аясында департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп және «Жібек жолы жастары» еріктілер ұйымдарын тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерде улы газбен уланудың алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін болдырмау мақсатында түтін мұржаларын тазалау жұмыстарын жүргізген. Облыс бойынша жалпы 496 үйдің мұржасы тазаланған.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар