– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы айдың басынан бастап заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті. Қылмыстық схемалар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту, жалған құжаттарды қолдана отырып, шетелдіктерге уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсат беруді рәсімдеу сияқты қызметтерден тұрған, – деді Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Облысымызда да заңсыз көші-қон ұйымдастырған жергілікті тұрғын ұсталған. Ол таулы аймақ арқылы Еуроодақ елдеріне табыс үшін барғысы келетін алыс шетел азаматтарына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған.
Сол сияқты Атырау облысында үш шетелдік жалған құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстан аумағында басқа шетелдіктерді тіркеумен айналысқан.
Осыған ұқсас қылмыстық схема елордада ашылған. Онда еңбек мигранттары үшін құжаттарды заңсыз рәсімдеуге қатысы бар бес жергілікті тұрғын ұсталды.
– Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кінәлілер мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ
Шу ауданында 480 тонна жабайы қарасора жойылды
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024