Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті

Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандар арасында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында кезекті рет жиын өтті.

Басқосудың басты мақсаты – жазасын өтеушілердің діни сауаттылығын арттыру, терроризм мен діни эктремизм идеялары мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетінің алдын алу және сотты болғандарға теологиялық кеңес беру, түсіндіру сондай-ақ оңалту жұмыстарын жүргізу. 

Жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  «Әлеуметтік жұмыс басқармасының» дінтану бойынша бас маманы Бахтияр Алпысбаев пен психолог Шынар Бақытжанқызы катысты. Олар өз сөздерінде елімізде деструктивті діни ағым өкілдерімен жүйелі түрде жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып, дін саласында білімі мен білігі бар адамдардан ақыл-кеңес сұраудың маңыздылығын атап өтті. 

Шара соңында спикерлер сотталғандарды қызықтырған түрлі сауалдарға жан-жақты жауап берді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар