Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында VII театр маусымның ашылуы өтті

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында VII театр маусымның ашылуы өтті
Ашық дереккөз
“Алатау” дәстүрлі өнер театрында 9 қазан күні «VIІІ театр маусымның» ашылуы болды.

Маусымашар «Алатау FM радиосы» музыкалық комедиясының премерасымен басталды. Қойылым режиссері: Еслям Нұртазин. 

Қойылым шағын радиостанцияның бүкіл қаланың дауысына айналғаны туралы оқиғаны баяндайды. Бір сәтте спутникте ақау пайда болып барлық ақпарат құралдары мен телефон байланысы істен шығып, бірақ жабылудың алдында тұрған "Алатау FM" радиосы ғана эфирден үзілмейді. Бұл эфир продюсері Айбек үшін таптырмас орай еді. Бірақ, Айбектің эфирге байланысты жоспарын көптеген оқыс оқиғалар іске аспауы үшін кедергі етеді. Ештеңеге қарамастан Айбек эфирді жалғастырып, барлық қиындықты жеңеді. Тіпті, өзінің сүйгенінен де айырылып қала жаздап, ақыр соңында радионың тыңдарман санын  10 миллионға жеткізіп, рекорд орнатады.  Спектакль арманға сену, өз ісіне адал болу және жақындарына деген көңіл бөлу мен құрметтеу туралы  ізгі қарым-қатынасты насихаттайды.

Барлық қиындықтарға қарамастан, спектакль кейіпкерлері көрермендерді өздерінің көңілділігімен шабыттандырады.

«Алатау FM радиосы" – бұл ең қиын жағдайда да өзіңе және армандарыңа сенудің арқасында тығырықтан шығудың жолын табуға болатындығы туралы қойылым.

Өткен жетінші маусым Театр үшін өте жемісті болғанын атап өтуіміз керек. Жаңа бағыттар мен жанрларды игерген, батыл қадамдар жасалған маусым өзінің жемісін берді.  Фархат Молдағалидың режиссерлығымен қойылған «Мамлүк. Сұлтан Бейбарыс» саундрама қойылымы өзінің премьерасынан кейін де табысты қойылып жатқан туынды.

Көрерменге жол тартқаннан бері әртүрлі пікірлер тудырып, қызу талқыға түскен қойылым театр саласының мамандарымен қоса жалпы тарихи оқиғалар мен аты әлемге мәшһүр тұлғалардың сахнадағы сомдалуы кімді де болса қызықтырары анық.

Тағы бір тұсауы кесілген қойылым ол - QULAN.  Аңызға негізделген феерея жанрындағы қойылым. Көпшілікке аян «Ақсақ құлан» - даналықтың, күштің және қайтпас рухтың символы іспеттес. Осындай халық аңызынан шабыт алған пластика мен сазды әуен қойылымда біртұтас ағымға тоғысып, оқиға көркемдік шешімдермен баяндалады.  Халқымыздың түпкі тамырына айналған «Ақсақ құлан» аңызының үні ерекше жанрдағы қойылым көрерменге жол тартып, ерекше ықыласқа бөленген қойылым болды.

VIІІ  театр маусымында театр ұжымы үлкен жұмыстарды қолға алғалы отыр. Әсіресе ұлттық бағыттағы дәстүрлі өнерімізді жан-жақты көрсететін «Біржан сал», «Естай-Қорлан» мюзиклдары мен «Қорқыт» музыкалық драмасы. Қорқыт атаның философиялық ой толғамдары мен күйлерін, олардың шығу тарихына қатысты аңыздар негізінде музыкалық драма жанрындағы спектакль жасау жоспарымызда бар.

Сонымен қоса халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен теңдесіз композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл мерейтойына орай арнайы қойылымдар жасалатын болады.

 

Ардақ БЕРКІМБАЙ,

Өнертанушы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар