2024 жылдың 7 қазанына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер туралы жаңартылған мәліметтері шықты,деп хабарлайды arainfo.kz
• eGov mobile арқылы – 161 707 адам;
• жазбаша – 2 816 адам.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі:
• eGov mobile арқылы – 38 180 адам (жалпы санның 24,27%);
• жазбаша – 878 адам (жалпы санның 29,77%).
2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.