Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

700 оқытушы жасанды интеллектті жетік меңгереді

700 оқытушы жасанды интеллектті жетік меңгереді
Ашық Дереккөз
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Astana Hub»-пен бірге Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған ауқымды оқыту бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама аясында 47 университеттің 700 оқытушысы «Tech Orda» бағдарламасының арнайы ағыны аясында жасанды интеллект және «Game Development» бағыттары бойынша оқытудан өтеді.

Оқыту «Тренерлерді дайындау» (ToT) жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Бұл оқытушыларға тек теориялық негіздерді меңгеріп қана қоймай, оларды практикада қолдануға мүмкіндік береді.

– 2023 жылы өткен «Digital Bridge» халықаралық форумында жоғары оқу орындарында жасанды интеллект саласындағы пәндердің мазмұны мен оқыту әдістерін жаңарту ұсынылды. Осыған орай Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарындағы педагогтардың біліктілігін арттыруға тапсырма берді. Бағдарлама шеңберінде 650 оқытушы жасанды интеллект бағытында, ал 50 педагог «Game Development» бағытында оқытылады. Оқытуды өткізу үшін 7 қазақстандық IT-мектеп таңдалды. Сабақтар онлайн және офлайн, сондай-ақ IT-мектептер платформаларында оқу материалдарына қол жеткізуді қоса алғанда, аралас форматта өтеді, – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Оқытушылар аптасына екі сабақ оқиды. Сабақтың ұзақтығы әрқайсысы 90 минуттан, әр топта 25 адамға дейін қамтылады. Дәріс қазақ және орыс тілінде беріледі, барлық материалдар, оның ішінде бейнесабақтар екі тілде ұсынылады.

Жасанды интеллект бағыты бойынша оқу бағдарламасы «Prompt engineering», «Data analytics», «Data Science» және «Computer Vision» бойынша кіріспе курсты қамтиды. Ал ілгері курс жасанды интеллект, табиғи тілді өңдеу (Natural Language Processing) және тереңдетіп оқыту (Deep learning) тақырыптарын қарастырады.

«Game Development» бағытында геймдизайнның негіздері, компьютерлік графика, модельдеу және текстуралау, риггинг, анимация және ойындардағы UI/UX негіздері, сондай-ақ ойын әзірлеу оқытылады.

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің

баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар