Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады
Ашық дереккөз
6 қазанда елімізде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша өткен референдумның қорытындысы шықты. Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 284 487 адамды құраған. Ал дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 820 204 адамды немесе 63,66 пайызды құрады. 5 561 937 азамат референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген. Яғни дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызы елімізде атом электр стансасын салуды қолдаған. Ал 2 045 271 азамат референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген. Сонымен қатар 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған. Осылайша референдум өтті деп саналады. Өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысты. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды

6 қазанда елімізде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша өткен референдумның қорытындысы шықты. Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 284 487 адамды құраған.Ал дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 820 204 адамды немесе 63,66 пайызды құрады. 5 561 937 азамат референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген.

Яғни дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызы елімізде атом электр стансасын салуды қолдаған. Ал 2 045 271 азамат референдумға қойылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген. Сонымен қатар 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылған. Осылайша референдум өтті деп саналады. Өйткені референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан астамы дауыс беруге қатысты. Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар