Мұнда тәртіптің бұзылмауын, заңдылықтың сақталуын бірнеше бақылаушы қадағалап отыр. Атап айтқанда, "АМАNAT" партиясы облыстық филиалы атынан Гүлжамал Қайратқызы Сәрсенова, "Дауыс" қоғамдық бақылаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының бақылаушы өкілі Ақбаян Орынбасарова және "ЭНИГМ" қоғамдық бірлестігі өкілі Дәулет Құсайынұлы Досмайлов бақылап отыр.
Бақылаушы Гүлжамал Қайратқызы: "Бүгін таңғы сағат 6 да Айдана Үсіпбекова деген әріптесім бақылаушы болып келді. Мен сағат 13:00-де ауыстым. Жалпы түске дейін де, түстен кейін де дауыс беру өз тәртібімен заң аясында өтіп жатыр. Учаскесінен шатасып келген кісілер де бар екен. Оларға қайда баратыны түсіндіріліп жатыр. Мұнда кейбір танымал кісілер, көпбалалы аналар келді. Отбасымен келіп дауыс бергендер бар. Барлығы жақсы көңіл-күйде келіп жатыр. Елдің дамуы үшін жасалған саяси қадамның сәтті жүзеге асатынына, дауыс беру жақсы деңгейде өтетініне сенемін. Сол үшін заңдылық жағын бақылап отырмыз" - деді.
Айта кетейік, референдумға аккредиттелген республикалық 13 қоғамдық бірлестік және жергілікті 4 қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан байқаушылар қатысуда.
«Болашақ үшін таңдау жасадым»
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024