Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Бүгін бәріміз үшін ерекше күн»

«Бүгін бәріміз үшін ерекше күн»
Әлеуметтік парақшасынан
Жамбыл облысы, Байзақ аудандық кәсіподақ комитетінің басшысы Ермеков Елнурбек референдум жайлы өз пікірін әлеуметтік желісінде білдірді,деп хабарлайды arainfo.kz

Құрметті достар! 
Бүгін бәріміз үшін ерекше күн. Елімізде Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтуде.

Бүгін біз тарихи сәтті бастан өткеріп жатырмыз! Біздің аймақта тұрғындар референдумға белсенді қатысуда және бұл әр азаматтың өз таңдауы. 

Әр дауыс маңызды және өз болашағымызға бей-жай қарамау бұрынғыдан да маңызды. Біздің қоғам қандай болатынын өзіміз шешеміз.

 Дауыс беруге қатысу — біздің азаматтық борышымыз. Бұл өз пікірін білдіруге және еліміздің дамуына ықпал етуге мүмкіндік. Саналы таңдау жасап, болашағымыздың қандай болатынына мән беретінімізді көрсетейік!,-делінген жазбада.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар