Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Референдумда белгілі жамбылдық журналист дауыс берді

Референдумда белгілі жамбылдық журналист дауыс берді
aulieata_media
Бүгінгі өтіп жатқан референдумда әр дауыс маңызды. Әр азаматтың референдумға қатысуы арқылы ел келешегі айқындалады,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов пен жары Күлпан Төкішқызы да саяси науқаннан сырт қалмай, көпшілікпен бірге таңдау жасады. 

Отау құрғандарына ел жыл болған үлгілі жұп Бауман атындағы №31 мектептің ғимаратында орналасқан №38 референдум учаскесінде таңдауларын жасады.

 – Бүгін қазақ халқы үшін айрықша тарихи күн. Маңызды саяси науқан референдум жарияланды.
Қазақстан экономикасы үшін халықтың болашағы үшін үлкен маңызды, күрделі шешімді Мемлекет басшысы халықтың өзіне жүктеп отыр. Әрине,пікір алуандығы, таластар болып жатыр.Дегенмен халық өзінің таңдауын жасайды.Ел азаматтары он сегіз жасқа толғаннан бастап шешім қабылдауға қабілетті.Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін,экономикалық,энергетикалық дамуы үшін біз дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Әрине Президент жарлығымен немесе Парламет ұйғарымымен-ақ шешім шығаруға болар еді. Алайда Мемлекет басшысы таңдау құқығын халықтың өзіне берді. 
Келіншегім екеуміз отасқанымызға елу жыл болыпты. Сайлаудың неше түрін көрдік,дауыс бердік. Бүгін міне жалпыхалықтың референдумға келіп тұрмыз. Ел болашағы үшін таңдауымызды жасап жатырмыз,  – дейді Ж.Миллионов.

Ардагер журналист пікірін жары Күлпан Төкішқызы да толықтырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар