Бүгін республика аумағында ел болып күткен референдум өтуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен АЭС құрылысын салу бүкіл халықтың талқысына шығарылып отыр. Бұл – ел болып қолдауға лайықты іс.
Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде. Мұнда 28 адам денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш бергенімен, соның бірі, мүмкіндігі шектеулі азамат Дилафруз Махмадулоева өзі келіп, өз таңдауын жасады. Осы іс-әрекеті арқылы ол өзгелерге мұндай маңызды шарадан шет қалмай жастарға өнеге көрсетті.
– Әрбір ел азаматы міндетті түрде сайлауға қатысуы керек. осылайша осындай жалпыхалықтыш шараларда үлес қосу маңызды. Мен үнемі сайлаулардан тыс қалмай, өзім келіп, сайлауға қатысып, дауысымды беремін. Азаматтық борышымды осылай көрсетіп, өз таңдауымды жасаймын. Өз басым, «ел ішінде өте маңызды саяси науқан болып жатқанда өз таңдауыңды жасауға асықпау – азаматтық парызды орындамау», деп білемін. Мен осы жасыма дейін елдегі елеулі істерден тыс қалған емеспін. Өйткені мен үшін елдің ертеңі маңызды, – дейді Дилафруз Махмадулоева.
Комиссия мүшелері оны жылы қабылдап, барлық қажетті жағдайларды жасап, дауысты беру процесін барынша ыңғайлы етіп ұйымдастырды.