Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздық отбасы дауыс берді

Тараздық отбасы дауыс берді
aulieata_media
Тараз қаласындағы 3- мектеп лицей ғимаратында орналасқан 498 сайлау учаскесінде белсенділік байқалады, деп хабарлайды arainfo.kz

Тіпті, дауыс берушілер арасында отбасымен келген кісілер де бар. Мәселен ,18 жасқа енді толған Назарбаев зияткерлік мектебінің тыңдаушысы Әлихан Сағынбек ата-анасымен бірге келген. Әкесі Жамбыл Қойбағаров  кәсіпкер болса, анасы Іңкәр Айтқұлова мұғалім. Ал, әпкесі Аружан Сағынбек банк қызметкері.

Әкесі Жамбыл Қойбағаров : "Арай" алабы, Тілеубердиев көшесінде тұрамыз. Дауыс беруге бару үшін таңертеңмен сағат бесте тұрдық. Отбасы болып дастарханнан дәм таттық. Бүгінгі күн -- біздің отбасы үшін мереке. Еліміз үшін маңызды күнге біз де ерекше мән береміз. Ұлымыз Әлиханның азамат болып, 18 жасқа толып, алғаш дауыс беріп жатқанына қуаныштымын" дейді.

Бір отбасынан төрт кісі келіп дауыс беруі көпшілікке үлгі!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар