Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық 67 жастағы ана алғаш рет дауыс берді

Жамбылдық 67 жастағы ана алғаш рет дауыс берді
aulieata_media
Ел үшін маңызды істе тараздықтар аса белсенді. Әсіресе #70 сайлау учаскесінде таң атқаннан сайлаушылар толастар емес,деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін мұнда бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған 67 жастағы зейнеткер ана Надежда Ильницкая келіп алғаш рет дауыс берді. Сайлаушы мұндай саяси науқанға тұңғыш рет қатысып тұрғанын айтып, қуанышымен бөлісті.

- Мен мұндай саяси оқиғаға бірінші рет келіп тұрмын. Ұлым менің дауысымның маңызы жоғары екенін айтып, учаскеге баруым қажет екенін айтты. Оның үстіне осы жасқа келіп елдегі айтулы оқиғаға қатыспағаным дұрыс болмайтын еді. Мені мұнда ерекше қарсы алды. Алғаш рет дауыс беріп тұрғаным үшін құрметке бөлендім, - дейді төрт баланың анасы.

Тағдыршешті саяси науқанға үн қосқан зейнеткер балаларын да референдумға шақырғанын айтты. 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар