Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Атом қуаты адамзат игілігіне айналып келеді

Атом қуаты адамзат игілігіне айналып келеді
Ашық дереккөз
Атом энергетикасы-бұл Қазақстан үшін алға қадам жасау және алдағы жылдарға тұрақты дамуды қамтамасыз ету мүмкіндігі.

 Көмір және газ станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары көмірқышқыл газын іс жүзінде шығармайды және атмосфераны ластамайды. Бұл экологияны жақсарту және климаттың өзгеруімен күресу үшін маңызды. Атом энергиясын пайдалану дәстүрлі отын көздеріне тәуелділікті азайтуға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан уранның қомақты қорына ие және атом энергетикасын дамыту бұл ресурстарды экономика мен қоғам үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашады, инвестициялар тартады және ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жай ғана жоба емес, ондаған жылдар бойы тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ететін стратегиялық шешім. АЭС-бұл Қазақстанның болашаққа сенімді түрде қарап, таза және қауіпсіз энергетика саласында көшбасшы болуының кепілі.

Жадыра ЖҰМАҒҰЛОВА,

Т.Рысқұлов аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет

үйі директорының орынбасары.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар