Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Атом станциялары

Атом станциялары
Ашық дереккөз
Қазақстанда атом электр станцияларын салу-бұл энергетикалық тәуелсіздік пен орнықты дамуға жасалған қадам.

АЭС-ауа-райына тәуелді емес және тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін сенімді энергия көзі. Маңыздысы, Атом станциялары қоршаған ортаны ластамайды, өйткені олар көмірқышқыл газын және басқа зиянды заттарды шығармайды. Бұл елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Уранның өз қорларын пайдалану біздің энергетикалық қауіпсіздігімізді нығайтады және импорттық энергия тасымалдаушыларға тәуелділікті азайтады. Атом электр станциялары жаңа жұмыс орындарын ашады және жоғары технологиялар мен ғылымның дамуын ынталандырады. Бұл жай ғана энергетикаға салынған инвестициялар емес, Қазақстанның жарқын және тұрақты болашағына жасалған қадам, Мұнда әрбір азамат таза және қолжетімді энергиямен қамтамасыз етіледі.

Ғани ҚОЙБАҒАРОВ,

Шу аудандық жастар ресурстық орталығының

директоры, Мәслихат депутаты

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар