Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- author AR-AY
- 3 қазан, 2024
- 318
Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёл мен корей халқын Ұлттық күнімен құттықтады,деп хабарлайды arainfo.kz
Президент жеделхатында Кореяны экономикалық және технологиялық дамуда зор жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар дәстүрлі достық пен берік байланысқа негізделген қазақ-корей ықпалдастығы халықтардың игілігі үшін одан әрі жандана беретініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің жауапты қызметіне толағай табыс, достас корей халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Аналар ғой тіршіліктің баяны!» атты әдеби-сазды баллада кеші өтті
- авторAR-AY
- 6 наурыз, 2026




