Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Jambyl Business» жеңілдетілген несиесі несімен ерекше?

«Jambyl Business» жеңілдетілген несиесі несімен ерекше?
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің кәсіпкерлікті қолдау, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақс атында несиелендірудің жаңа тетіктерін әзірлеу бойынша берген тапсырмасына сәйкес «Даму» АҚ қоғамымен бірлесіп «Jambyl Business» бағдарламасы дайындалды. Жаңа бағдарлама аясында 2024 жылға 2 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қордың кепілдігі – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау. Сондай-ақ несие аларда мүмкіндікті арттырып, қосымша көмек ретінде ұсынылады. Несие аларда кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болса, «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында «Даму» қоры банк алдында борыштың бір бөлігін өтеуге кепіл болады. Осы ретте «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалына барып, несие жайлы толыққанды ақпарат алуға тырыстық. – «Даму» қоры өңірлік «Jambyl Business» бағдарламасы бойынша облыс кәсіпкерлеріне арнап «Банк Центр Кредитке» 1 миллиард теңге салды. Бұл қаржыны ҚР заңнамасына сәйкес облыс аумағында тіркелген және Қаратау, Жаңатас сынды моноқалаларда жобаларын жүзеге асырып жатқан немесе жүзеге асыруды жоспарлап жүрген шағын және орта бизнес өкілдері ала алады.

Бағдарлама шартына келетін болсам, шекті сома 50 миллион немесе 200 миллион теңгеге дейін. Номинал сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан аспайды. Несие мерзімі – инвестиция үшін 84 айға дейін. Айналым қаражатын толықтыру уақыты – 36 ай. Несие экономиканың басымдық берілген салаларына беріледі, – дейді «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының клиенттермен жұмыс бөлімінің бас менеджері Бағдат Рахымбердиев. Ата л м ы ш қ о р Қ аз а қ с та н д а шағын және орта бизнесті дамытуды көздеп, субсидия, кепілдік беру және жеңілдікпен қаржыландыру түрінде қолдау көрсетеді.

Осылайша осы жылдың І жартыжылдығында субсидия құралы бойынша қор несие сомасы 568 миллиард теңге болатын 8 637 жобаны қолдады. Сонымен қатар 5 618 жобаға 193 миллиард теңгенің кепілдігі берілді. Және 104 миллиард теңгеге 1 383 жоба жеңілдікпен қаржы алды. Қарыз қаражатының 71,8 пайызы жабдық сатып алу, жаңғырту, құрылыс сияқты инвестициялық мақсаттарға жұмсалса, айналым қаражатын толықтыруға 26,6 пайызы пайдаланылыпты. Айта кету керек, «Даму» қоры субсидия, кепілдік шартына қол қою процесін электронды форматқа көшіргелі біраз уақыт өтті. Бұл функцияның артықшылығы – субсидиялау шартына қол қоюға кететін уақытты қысқарта аласыз. Бұған дейін бұл шаруа кәсіпкердің банктен қаншалықты қашықта орналасқанына байланысты бірнеше күнге дейін созылатын болса, қазір электронды түрде әрі кеткенде 5 минуттан 30 минутқа дейінгі уақыт ішінде ғана шешіледі. Арнайы шифрларының арқасында қауіпсіз, процеске қатысушылардың әрекеті жариялы болғандықтан әрекеттерін айқын қадағалауға мүмкіндік бар.

Бұл – механизм шартына қол қою рәсімін жылдамдатып, оңтайландырады. Сондай-ақ процеске қатысушылардың өндірістен алыстамай, уақыт үнемдеуіне мүмкіндік береді. Жыл басынан бері «Даму» қоры кәсіпкерлердің жалпы несие сомасы 865 миллиард теңгеден асатын 15 538 жобасына қолдау көрсетті. Олардың қатарында жамбылдық бизнес өкілдері де баршылық. Мысалы, 2023 жылы «Alina Group» ЖШС «Даму» қорының филиалына хабарласып, қуаттылығы жылына 350 000 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салу жоспарын ұсынды. Бизнесті мемлекеттік қолдау туралы консультация алғаннан кейін компания субсидиялаудың арқасында төмендетілген мөлшерлеме бойынша «Forte Bank» акционерлік қоғамынан қарыз алды. Осындай қаржылық қолдаудың нәтижесінде компания құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт салып, биыл ресми түрде іске қосты.

Зауыттыңинфра құрылымы зертханалармен, шикізат, дайын өнім және қапшықтар қоймаларымен, сылақ, желім, құйма еден және басқа да құрылыс-әрлеу материалдарын өндіру желілерімен, сүрлем мұнараларымен және жөндеу-механикалық цехымен жабдықталған. Теміржол желісі зауытқа дейін келеді. Соның арқасында «Аlinex» құрғақ құрылыс қоспалары брендтерінің өнімдерін өндірістен тікелей жөнелту жүзеге асырылады. Бұл бір ғана мысал. Әйтпесе «Даму» қорының тындырымды тірлігі жетерлік. Ендігі кезекте «Jambyl Business» бағдарламасы кәсіпкерлік нысандарының қатарын арттырып, жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылатындығы сөзсіз. «Талпынған жетер мұратқа» демекші, қордың беріп отырған мүмкіндіктерін оңынан пайдаланған дұрыс-ақ.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар