«Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауданындағы 21 қоқыс полигоны тазартылды
- author AR-AY
- 2 қазан, 2024
- 131
Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық ахуалды жақсарту, тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды дұрыс өңдеу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
Акцияға аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, еріктілер және қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
Аудан бойынша барлығы 21 полигонның аумақтары тазаланды. Бұл шара аудан халқының қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, елді мекендерді таза ұстаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Абсеитов мұндай акциялардың ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлес қосатынын атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.
Алдағы уақытта осындай сенбіліктердің жүйелі түрде өткізілетіні жоспарланып отыр.