Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЭС-энергия өндірудің тиімді жолы

АЭС-энергия өндірудің тиімді жолы
Ашық дереккөз
Елімізде атом электр стансасын (АЭС) салу туралы мәселе 1995 жылы басталған. Міне содан бері аталған маңызды мәселені ғалымдарымыз зерттеп, оның пайдалы тұстарын жан-жақты қарастырып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын соғу  жалпыхалықтық  референдум арқылы шешілетінін қадап айтқан болатын.  АЭС салу мәселесіне байланысты референдум  өткізу 6 қазанға белгіленгеннен бастап, республикалық, облыстық, аудандық халықтық штабтар құрылып, жұмыс істей бастады.
Кеше ауданға республикалық халықтық штабтың мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова мен облыстық халықтық штабтың мүшесі Бақыт Әлмұратов келіп, аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесті.
Ауданымыздағы атом электр стансасын (АЭС) салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың үйлестірушісі, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева жүргізген жиында алдымен Гүлдара Нұрымова сөз алды.

-Өздеріңізге белгілі биылғы жылдың 6 қазаны күні елімізде атом  электр стансасын салуға байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді. Еліміздегі электр энергиясының тапшылығына байланысты АЭС-ті салу туралы халықтың пікірі ортаға салынғалы  отыр. Мен дәрігер ретінде АЭС-тің салынуы орынды деп есептеймін. Бұл еліміздің келешегі үшін өте қажет. Тек оның сапалы соғылып, өз дәрежесінде жұмыс істеуі керек. Бұл туралы тиісті орындар айналысып жатыр. Халықтың денсаулығына зияны тимейтін болады. Мұндай АЭС-тер дамыған елдердің көбінде бар,- деді Гүлдара Алданышқызы.
Бұдан  кейін сөйлеген Бақыт Әлмұратов, аудандық халықтық штабтың мүшелері, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, Индира Спаналиеваларда атом электр стансасын салудың еліміздің экономикасына, халықтың әл-ауқатының жақсаруына тигізетін пайдасы жөнінде атап өтті.

 

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар