Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЭС – ауқымды энергияның бастауы

АЭС – ауқымды энергияның бастауы
Ашық дереккөз
Жалпы АЭС-тің артықшылықтары мен маңыздылығы туралы сөз қозғағанда мен мына бір жағдайларды басым айтқым келеді.

Атом электр стансасы әсіресе халық саны көп аймақтар үшін тиімді. Сондай-ақ, парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқармақ. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, яғни жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.

Қазақстанда атом электр стансасын салу еліміздің индустриялық дамуы үшін қажетті айқын шешімдердің бірі , бұл – барлық салаларға оң мультипликативті әсер етеді. Оң шешім қабылданған жағдайда, жаңа жұмыс орындары пайда болып, өңірге инвестицияларды тартады.

Бізде АЭС-на қатысты әлі де болса екіжақты көзқарас аз емес. Дегенмен соңғы уақытта қолдаушылар қатары көбеюде. Ал сала мамандары, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу елдегі экономиканың дамуы мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әкелер еді деген пікірді қашаннан бері айтуда. Қалай айтсақ та қазіргі күні экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына байланысты болып тұрғанына халықтың көзі жеткендей.

Атом энергиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары әрі сыртқа аз қалдық шығарады. Мамандар одан алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтуда.

Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, атом энергетикасы да еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет. Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс. Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі басым болып тұрғанда атом электр стансасын салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдау керекпіз.

Әр қазақ халқымыздың ардақ тұтар адамдық, азаматтық қасиеттерін танытып, референдумға белсене қатысады деген сенімдемін.


Сәуле ТОҚСЕЙІТОВА,

Белсенді жас

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар