Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының еңбекақысын көтеруді жалғастырамыз - министр

Келесі жылы да су шаруашылығы мамандарының еңбекақысын көтеруді жалғастырамыз - министр
Су ресурстары және ирригация Министрлігі
Нұржан Нұржігітов Ынтымақ су қоймасында су тасқынының дабыл жүйесін тексеріп, жергілікті ГЭС жұмысымен танысты,деп хабарлайды arainfo.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмысымен танысты.

Министр ең алдымен Самарқанд су қоймасына барды. Нұржан Нұржігітов нысанның жұмысымен танысып, техникалық және тұрғын үй-жайларды аралап, жұмысшылармен сөйлесті.

«Биыл «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Еңбекақысы тариф есебінен төленетіндердің де, республикалық бюджеттен алатындардың да айлығы көтерілді. Келесі жылы да біз су саласындағы мамандардың еңбекақысын көтеру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануы тиіс»,- деді министр.

Нұржан Нұржігітов Ынтымақ су қоймасында су тасқынының дабыл жүйесін тексеріп, жергілікті ГЭС жұмысымен танысты.

Одан әрі министр Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Министр ведомствоның негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндамадан бастады. Нұржан Нұржігітов жаңа Су кодексінің кәсіпорындардың суды қайта пайдалануы жөніндегі ережелерді мұқият түсіндіріп берді.


«Мемлекет басшысы кәсіпорындардың таза ауыз суды ұтымсыз пайдалануы мәселесін бірнеше рет көтерді. Сондықтан біз жаңа Су кодексіне кәсіпорындарға суды тазартып, қайта пайдалануды міндеттейтін норманы енгіземіз. Осы норма күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде кәсіпкерлер тазарту жүйелерін орнату жоспарын ұсынуы тиіс»,
- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Одан кейін министр Шерубай-Нұра су қоймасына барды. «Топар» МАЭС басшылығымен су қоймасынан электр энергетикасының қажеттіліктеріне су беруді ұлғайту мәселесін талқылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар