Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бірыңғай есеп беру күні – бизнесті қолдау және дамыту

Бірыңғай есеп беру күні – бизнесті қолдау және дамыту
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысының бұйрығымен қыркүйек айының соңғы бейсенбісі бақылау және қадағалау органдарының бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні болып жарияланған болатын. Осыған орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің қатысуымен кеңес отырысы отты. Басқосуда университет басшылығы мен бизнес-қоғамдастық өкілдері өзара диалог құрып, бизнес саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жалпы 2 756 тексеру тіркелген. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулердің ішінде 462 тексеру микрокәсіпкерлік субъектілеріне, 579 тексеру шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, 138 тексеру орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал 82 тексеру ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болған. Бұл тексерулер кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз ету және құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында жүргізілген.

Кездесу барысында мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының, соның ішінде мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті, облыс бойынша экология департаментінің жыл басынан бері атқарған жұмысының есебі тыңдалып, кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мемлекеттік қадағалау органдары тарапынан жауап берілді.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ереже
Алдыңғы мақала
Ереже

Ұқсас жаңалықтар