Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері мен волонтер жастар қатысты.
Салтанатты іс-шараның ашылу салтанатында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев сөз алып, еңбек жасақтарының атқарған жұмыстарына тоқталды.
Жиын барысында облыс әкімдігі тарапынан «Үздік сарбаз», «Үздік жасақ», «Үздік жасақ командирі» сынды номинациялар негізінде үздіктер анықталды.
– «Жасыл ел» еңбек жасағында сәуір айынан бері жұмыс істеп келемін. Саябақтар мен кесене, тарихи орындардың, жалпы қоршаған ортаның тазалағына атсалысуды парызым деп білемін. Өзімнің сүйікті қаламның таза болғанын қалаймын. Сондықтан қала тазалығына аянбай күш салдым. Тазалық денсаулық кепілі болғандықтан өңір тұрғындарына айналамызды таза ұстауға, қоқысты тек арнайы жәшіктерге тастауға кеңес беремін, – дейді «Үздік сарбаз» атанған Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 3-курс студенті Жанерке Алпысбай.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ