Бiз бүгiнде өркениеттi елiмiздiң дамуына тұсау, кемелденуiне кедергi келтiретін қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудемiз. Қоғамның әбден жегiқұртына айналған жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселесi күн тәртiбiнен түскен емес. Күрестiң басты қаруы ретiнде қылмыстық заңнамаларды қатаңдатумен қатар, түрлi мемлекеттiк бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Осыған орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-кимыл туралы», «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Ақпаратқа қол жеткiзу туралы» арнайы заңдар да қабылданды.
Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан бiз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күрестi азаматтарымыздың жүрегiне рухани iзгiлiктердi, құндылықтарды ciңiруден бастауымыз кажет. Рухани тұрғыдан бай адам жемқорлықтай лас iстерден жанын таза ұстайды.
Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарауы үшiн бiз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сiлтей аламыз? Алдағы жылдары сыбайлас жемқорлықты толығымен ауыздықтап тастамасақ та оның қазiргiден әлдеқайда әлсiзденетiндiгiне өз басым кәмiл сенемiн. Сол мақсатқа жету үшiн әрбiр отбасында, балабақшада тәрбиеленетiн, мектепте бiлiм алатын баланың бойына имандылық пен адамгершiлiктi, елiне, жерiне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезiмдi тереңiнен ciңіpуiмiз кажет. Жаны таза, ары ақ, елi мен жерiн көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшiн ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз керек. Сонда ғана бiз оны қоғамымызға қаyiп төндipiп, орасан кесел келтiрeтiн жемқорлықтай келеңсiз әлеуметтiк құбылыстан арашалай аламыз. Сол себептi ұлтжанды азамат тәрбиесiне селқос қараудан аулақ болған жөн.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – өзекті мәселе.
Гүлмира ТҰТҚЫШБАЕВА,
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша
департаменті салааралық бақылау және қадағалау
бөлімінің бас маманы