Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Демеу Жадыраев: Спорттағы мансабыма қатысты шешім қабылдағаным жоқ

Демеу Жадыраев: Спорттағы мансабыма қатысты шешім қабылдағаным жоқ
Ашық дереккөз
Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы ҰОК мәлімдеді. Балуанның айтуынша, ол әлі нақты шешім қабылдамаған. 

«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім.Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын.  Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», - деді Демеу. 

Айта кетелік, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 келі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Өнегелі өмір иесі...
Алдыңғы мақала
Өнегелі өмір иесі...

Ұқсас жаңалықтар