2024 жылғы 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жайлы arainfo.kz хабарлайды
Облыс бойынша: облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың таулы аймақтарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аймақтарында 8, күндіз 23-28, облыстың таулы аймақтарында 20 градус жылы.
Тараз қаласы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 25-27 градус жылы.