Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Байзақта 240 отбасы баспаналы болды

Байзақта 240 отбасы баспаналы болды
Ашық Дереккөз
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында 240 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қоныстой иелерін құттықтап, баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Ербол Шырақпайұлы баспана мәселесін шешу негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтіп, мемлекеттік бағдарламалар аясында облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Жыл санап Байзақ ауданы дамудың даңғыл жолына түсіп, ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Жаңа жұмыс орындары ашылып, аудан халқының саны артып келеді. Осы орайда тұрғын үй кезегіне сұраныстың артып отырғаны белгілі.Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін барынша шешу. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Біз облыс тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтудамыз, – деді Ербол Шырақпайұлы.Салтанатты жиында Байзақ аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдыралы Оралов ақжарма тілегін арнап, ақ жаулықты әжелер шашуын шашты.Баспаналы болу бақытын сезінген жанның бірі – Нағима Мәмбетова қуанышымен бөлісті.

– Қуанышымызда шек жоқ. 9 жыл үй кезегінде тұрдым. Бүгін 3 бөлмелі пәтерге ие болу бақыты бұйырды. Мемлекет қолдауына мың алғыс, – дейді көпбалалы ана Нағима Еділханқызы.Жаңа тұрғын үйлер «Әл-Фараби» ықшамауданында бой көтерген. 4 тұрғын үйде 1 бөлмелі – 80, 2 бөлмелі – 80, 3 бөлмелі – 80 пәтер қарастырылған.Баспаналар көпбалалы, толық емес отбасыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бюджеттік сала қызметкерлеріне берілді.Бүгінде Байзақ ауданында 3 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында өткен жылы 4 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, биыл 120 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

 

Сондай-ақ «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 15 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алған.Жалпы облыста биыл 750 мың шаршы метр тұрғын үй беру көзделуде. 2023 жылы 1 100 пәтерлі 19 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілсе, 2024 жылы 2 569 пәтерлі 51 баспананы пайдалануға беру міндеті тұр. Бұдан бөлек тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін   1 575 пәтер сатып алынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар