Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халықтық штаб мүшелері – Байзақ ауданында

Халықтық штаб мүшелері – Байзақ ауданында
Ашық Дереккөз
АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб делегациясы Байзақ ауданына жұмыс сапарымен келді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық халықтық штабтың мүшесі Ерболат Саурықов бастаған топ алдымен «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңында зауыт қызметкерлерімен кездесті.

Ерболат Байұзақұлы делегацияның мүшелерін таныстыра отырып, кездесудің маңыздылығына тоқталды. 

– Әлемдегі ең ірі уран қорларының біріне ие Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Бұл біздің елімізге электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сенімді энергия экспорттаушы ретіндегі халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді. Атом стансалары экономикалық тұрғыдан тиімді шешім ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру, ғылым мен технологияны дамыту үшін маңызды қадам. Атом энергетикасының арқасында Қазақстан болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтап, планетадағы экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса отырып, орнықты және қауіпсіз дами алады, – деді Ерболат Байұзақұлы. 

Бағдарламаға сәйкес облыстық халықтық штаб мүшелері Фарида Жүнісова, Арман Еділбаев, Ерұлан Мағзымбеков, Жалил Аббосов, Серік Қойбақов, Айгерім Сәрсенбаева сөз сөйледі.

Делегация мүшелері аялдаған келесі нысан «KazStonebox» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс алаңы болды. Аталған топты «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық халықтық штабтың үйлестірушісі Индира Спаналиева, Байзақ аудандық мәслихатының төрағасы, аудандық халықтық штабтың мүшесі Бақтияр Ақбаев және «KazStonebox» серіктестігінің директоры Берік Үмітқалиев қарсы алды. Басқосуда штаб мүшелері өз ойларымен бөлісіп, кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты.

Ал Бурыл ауылында орналасқан «Grand Foods Premium» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінде өткен кездесуге актив мүшелері қатысты. Делегация мүшелері АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың басты мақсаты мен міндеттеріне, атом электр стансасының елімізге беретін пайдалы тұстарына тоқталды. Қатысушылар атынан «Grand Foods Premium» АШК директоры Жалил Аббосов, Бурыл ауылдық ақсақалдар алқасының мүшесі Керман Сарымамедов сөз сөйледі. 

Бурыл ауылдық клубында жалғасқан кездесу барысында да АЭС-тің маңыздылығына басымдық берілді. Жиында Ерболат Байұзақұлы, Фарида Амансарықызы, Арман Захарыпұлы, Ерұлан Сәбенұлы, Жалил Азимұлы, Серік Мамыртайұлы, Айгерім Арыстанбекқызы Қазақстан үшін атом энергетикасы энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және экологияны жақсартуға бағытталған стратегиялық шешім екенін атап өтіп, басқа да пайдалы жақтары туралы мол мағлұмат берді. Атом электр стансалары ондаған жыл бойы тұрақты электр энергиясын өндіруге қабілетті, бұл әсіресе қарқынды дамып келе жатқан экономика үшін өте маңызды.Өз кезегінде Бурыл ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі, ақын Мақсат Бегілдаев, «Байжанова» шаруа қожалығының жетекшісі Несіпкүл Байжанова сөз алып, референдумға бір кісідей қатысып, өз қолдауларын білдіретіндерін жеткізді. 

Делегация мүшелері жұмыс сапарының соңында «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Топ мүшелерін қарсы алған серіктестік басшылығы өндіріс орнын аралатып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Мұнда да АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері мекеме жұмысшыларына елімізде атом электр стансасын салудың пайдасы туралы кеңінен айтты. Жұмысшылар мұндай саяси науқаннан тыс қалмай референдумға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын жеткізді.

Кәсіпорын жұмысшылары кездесу барысында өздерін толғандырған сауалдарға нақты жауап алды. 

Мұхтар МАНЕКЕЕВ,
Байзақ аудандық халықтық штаб мүшесі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар