Бұл туралы Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтыр 1392 тұрғынға ескерту беріліп, 35 адамға айыппұл салынған болатын.
Оның ішінде 221 азаматқа ескерту берілсе, 43-іне айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Айта кетейік, жыл басынан 612 нысан иесіне ескерту берілсе, 121 адамға айыппұл салынған.