Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда жаңа аялдамалар орнатылуда

Таразда жаңа аялдамалар орнатылуда
Ашық Дереккөз
Тараз қаласында жол құрылысы мен қоғамдық көліктерді жаңартуға айрықша көңіл бөлінуде. Әсіресе шалғай алқаптардың жағдайы – басты назарда.

Әрине, тақтайдай тегіс жол мен соңғы үлгідегі автобустар тұрғындардың жайлы тұрмысына оң септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті көбейтуде.Соған орай 2023 жылы шаһар аумағына 36 аялдама орнату үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған еді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 21, «Строительная компания NSN» серіктестігі тарапынан 15 аялдама орнату үшін келісімшарт жасалды.

Сондай-ақ «Жасыл ел-Тараз» серіктестігі тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта қалпына келтірілді.Аталған жұмыстар биыл да жалғасын тауып, «DarynKazStroyGroup» серіктестігімен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде биылға жоспарланған 75 аялдаманың 45-і толық орнатылса, 21 аялдаманың бордюрі қойылып, негіздемесі дайындалды. Ал қалған 9 аялдама бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 3 бригада жұмылдырылған.

Тараз қаласы
 әкімдігінің 
медиа орталығы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар