Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие берілмек

Жамбылдық кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие берілмек
Ашық дереккөз
«Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры өңірлік «Jambyl Business» бағдарламасы бойынша «Банк ЦентрКредит» екінші деңгейлі банкіне 1 млрд теңге қаржы салды.

Ол қаржыны ҚР заңнамасына сәйкес Жамбыл облысының аумағында тіркелген және Жамбыл облысының моно және шағын қалаларында жобаларын жүзеге асырып/жүзеге асыруды жоспарлап отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ала алады.

📌 Бағдарлама шарттары:

 Максимал сома - 50 млн немесе 200 млн теңгеге дейін
 Номинал сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7,0%-дан аспайды. 
 Несие мерзімі: 
▪️ инвестиция - 84 айға дейін;
▪️ айналым қаражатын толықтыру – 36 айға дейін
 Несие экономиканың басымдық берілген салаларына беріледі. 

Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратпен https://damu.kz/programmi/regional/jambyl_business  сілтемесі бойынша танысуға немесе Тараз, Желтоқсан 94 мекенжайындағы «Даму» қорының филиалына хабарласуға болады. Телефон: +7 (7262) 999-470; колл-орталық – 1408
«Банк ЦентрКредит» - 605

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар