– Спорттың басты миссиясы – халықтар достығын нығайту. Қазақстан бүкіл әлемге бейбітшілік пен келісім мекені ретінде танымал. Елімізде түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз алыс-жақын шетелдің бәрімен тығыз байланыс орнаттық. Басқа мемлекеттер де өзара достық қатынаста болғанын қалаймыз. Сондықтан Көшпенділер ойындары ынтымағымызды бекемдей түспек, – деп атап өтті Президент.
Айта кету керек, көшпенділер ойындарында үшінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 18 алтын, 5 күміс, 12 қола медальмен көш бастап тұр.Облысымыздың спортшылары да көшпенділердің рухын бойына сіңіріп, ат спортынан бастап, көкпар, аударыспақ, жамбы ату сияқты бәсекелерде шеберліктерін паш етуде.Жерлестеріміз ұлттық спорттың үздік дәстүрлерін жалғастырып, көшбасшылар қатарынан көрінуде.
Айжан ӨЗБЕКОВА