Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары- Светлана Жақыпова

Техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары- Светлана Жақыпова
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтылған кәсіптік дағдыларды дамыту және жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуды ынталандыру туралы тапсырмасын ведомство қалай іске асырып жатқанын баяндады, деп хабарлайды arainfo.kz

Министр сөз басында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) қысқа мерзімді (1 жыл), орта мерзімді (6 жыл) және ұзақ мерзімді (2050 жылға дейін) еңбек ресурстарын болжау жүйесін қалыптастыратынын хабарлады.

«Соңғы 10 жылда кәсіптік техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайды. Кәсіптік техникалық білімі бар қызметкерлердің ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым, олардың жалпы саны 2,5 млн адамды құрайды», – деді Светлана Жақыпова.

Еңбекминінің басшысы еңбек нарығында кәсіптік техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70% - ға) екенін атап өтті.

2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 млн адамды құрайды, оның ішінде техникалық білімі бар шамамен 1 млн қызметкер.

«Кәсіби кадрларды даярлауды жүйелеу мақсатында ұлттық біліктілік жүйесі дамуда. Қазіргі уақытта жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін 823 кәсіптік стандарттарды әзірлеу; кәсіптік стандарттар негізінде 3,8 мың білім беру бағдарламасын жаңарту; басым салаларда біліктілікті танудың 25 орталығын ашу; 330 мамандық және 771 техникалық және кәсіптік білім беру біліктілігі (бұдан әрі – ТжКБ) бойынша білім беру және еңбек нарығының жіктеуіштерін интеграциялау бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ халықаралық стандарттар бойынша Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді министр.

Еңбекмині жұмысқа орналасуды ынталандыру, оның ішінде жұмысшы кәсіптері бойынша шаралар қабылдауда.

«Ұлттық жобалар, тұжырымдамалар мен даму жоспарлары шеңберінде іске асырылып жатқан барлық жобалар бойынша жұмыс орындарын құруға сапалы мониторинг жүргізу, кадрларға қажеттілікті талдау және болжау үшін цифрлық платформа әзірленді. Осы платформаның функционалдығын кеңейту мақсатында Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерін Қаржы министрлігінің және басқа да орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде», – деді Светлана Жақыпова.

Бұдан басқа жоспарланған жұмыс орындары бойынша көрсеткіштерді қосу және жоба сомасының кемінде 30%-ы еңбекақы төлеу қоры бойынша міндеттемелерді қабылдау бөлігінде құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде шаралар қабылданады.

Электрондық еңбек биржасы базасында студенттерге өндірістік практикадан өту бойынша функционал іске асырылды. Бұл жоба пилоттық режимде ТжКБ-ның 29 ұйымында іске асырылуда, нәтижесінде 635 студент өндірістік практикадан өту үшін онлайн форматта жұмыс берушілерді іздеу мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіби мансапты таңдау және мансап траекториясын басқару құралы болып табылатын «Мансап компастары» атты жаңа платформа іске қосылды.

Skills.Enbek платформасында кәсіби дағдыларды дамыту шеңберінде ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу орындарына микроквалификацияларды тану және WorldSkills алаңдарын дамыту үшін курстарды орналастыру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі күнде осы платформада оқимын деген азаматтар үшін 603 онлайн курс орналастырылған, оның 271-і тегін.

Сонымен қатар, жергілікті жұмыспен қамту органдары біліктілігін арттыруды қажет ететін жұмыссыздар үшін жұмыс берушілерде жұмыс орнында оқыту жүргізеді. 7 мыңға жуық жұмыссыз азамат оқудан өтті, олардың 98% - ы алған дағдылары бойынша жұмысқа орналастырылды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында азаматтарды жұмысшы кәсіптер бойынша жұмысқа орналастыруды ынталандыру мақсатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде қосымша шаралар әзірлеу жоспарлануда.

Жоғарыда көрсетілген шаралар жыл соңына дейін 948 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 567 мың адам немесе жалпы жылдық көрсеткіштің 60%-ы жұмысқа орналастырылды», – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар